Иракта екі лаңкестік оқиға болды

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Ирактың солтүстігіндегі күрдтердің Синжар қаласында болған лаңкестік әрекеттерде қаза болғандар мен зардап шеккендердің саны 50-ге жетті.

Нақтыланған  мәліметтер бойынша,     қалалық  дәмханада  екі  жанкешті жасаған   жарылыстар   18  бейбіт  адамның өмірін   қиды. Тағы 32 адам түрлі  жарақат  алған,   деп    хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бағдадтың  солтүстік-батысына  қарай  390 шақырым жерде,  Найнава провинциясында орналасқан   Синжарда     негізінен   күрд-езидтер тұрады.   Дәл осы ауданда 2007 жылы  ирак  экстремистерінің  соңғы 6 жылдағы ең  қанды     оқиғасы  ұйымдастырылған болатын -   Синжардың  маңындағы елді мекендерде   төрт бензовоздың жарылысы салдарынан 500-ден  астам адам қаза тапқан еді.