Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, Т.Хашеми Бағдад әуежайында ұсталды, оның үш күзетшісі тұтқынға алынды. Ирак арнайы қызметінің мәлметтеріне қарағанда, вице-президенттің күзетшілері бірқатар лаңкестік шабуылдарды жоспарлаған, ал Т.Хашемидің өзі оларға қаржылық қолдау көрсеткен.
Ұстау мен тұтқындау ирак басшылығында жалғасып жатқан вице-президент мүшесі болып табылатын «Әл-Иракия» сүнниттік партиясы мен үкімет басшысы шиіт Нұри Мәликидің арасындағы жанжал жағдайында болып отыр. «Әл-Иракия» премьерді елдегі билікті басып алды деп айыптауда.
Өткен жексенбі күні, 16 желтоқсанда премьер Н.Малики ел парламентіне өзінің орынбасары - Т.Хашемидің партияласы - Салех Мутлакты жұмысынан босату туралы ұсыныс түсірді. Ол осының алдында телеэфирде премьерді «Саддам Хусейннен де асқан диктатор» деп атаған. С.Мутлактың отставкасын депутаттар қаңтар айының басында қарамақ.
Естеріңізге сала кетейік, 18 желтоқсанда Ирактан соңғы американ сарбаздары шықты. Сарапшылар американдық әскерлердің Ирактан кетуі онсыз да ушығып тұрған шиіттер мен сүнниттер арасындағы жанжал діни зомбылықты күшейтуі мүмкін деп қауіптенеді.