Иракта футбол стадионынан 40 адамның мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Эр-Рамади қаласында футбол стадионы аумағында шамамен 40 адам жерленген бірнеше жасырын қорым табылды, деп жазады 24.kz.

Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар бар. Олардың барлығы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мүшелерінің қолынан қаза тапқан. Бұл орынды қамауға алынған содырлардың өздері көрсетіпті.

Негізі лаңкестер Эр-Рамади қаласын өткен жылдың мамырында басып алған болатын. 7 айдан кейін шаһар экстремистерден азат етілді.