Иракта ИМ басшысының орынбасары өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың батысындағы Анбар провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобы басшысының орынбасары өлтірілді.

«Ирак ӘӘК жойғыш ұшақтарының авиасоққысы нәтижесінде Анбар батыс провинциясындағы Барвани ауданында ИМ лаңкестік тобының басшылығындағы екінші адам - Асси Әли Насер әл-Обейди, Әбу-Бакр Әл-Бағдадидің орынбасары өлтірілді», - деп хабарлады ирандық PressTV телеарнасы.

«Асси Әл-Обейди Киркук провинциясындағы Хавиджа қаласында туған, ирак армиясының бұрынғы полковнигі, қашып жүрген жерінде тұтқындалып, Бағдад түбіндегі Әбу-Грейб түрмесінде отырған, 2013 жылы одан қашып шыққан. Кейіннен ол ИМ командирлерінің бірі болды және Абу Омар әл-Обейди деген есімге ие болды, кейіннен Топтың Әскери кеңесінің штабын басқарды», деп өлтірілген лаңкестің өмірбаяндық деректерін келтірген телеарна.

Бұдан бір күн бұрын Ирак Қорғаныс министрлігі Барвани ауданында ИМ баспасөз хатшысы Абу Мұхаммед Әл-Аднани жойылғанын хабарлаған болатын. Алайда топ бұл фактіні жоққа шығарып отыр, деп атап өтеді PressTV. Соңғы айларда лаңкестердің басқа да көрнекті басшылары, мысалға Абу әл-Офри және барлау бастығы Абу Хасан ас-Сахаби жойылды, деп еске салады ТАСС.