Иракта Ираннан келген бес зияратшы өлтірілді

МӘСКЕУ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Ирактық жасақтар Бакуба қаласынан батысқа қарай 65 шақырым жерде зияратшылар мінген автобусты атқылаған кезде Иранның 5 азаматы қаза тапты, 32-сі жарақат алды. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізіліп, онда алғашқы медициналық көмек алды және Иранға кері қайтарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.