деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Аспанға көтерілген құмның салдарынан адамдардың бірнеше метрдей жерді көруі мұң болды. Бағдад тұрғындары көшеге шықпауға тырысуда, полицейлер мен әскерилер арнайы қорғаушы маскалармен жұмыс істеуде.
180-ге жуық адам қала ауруханаларына көмек сұрап келген. Олар жайсыз ауа райының салдарынан тыныс жолдары бітеліп қалғанын, көз жанарларының тітіркенгенін айтып шағымдануда.
Құмды дауыл - Иракта жиі кездесетін құбылыс. Жиі құрғақшылықтың салдарынан соңғы бірнеше жылда табиғаттың мұндай тосын мінезі жиілеп кетті.