Соңғы жылдары Иракта шейіттер мен сүнниттердің, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің арасында қақтығыстар жиілеп кеткен. Бірнеше мыңдаған адам мерт болған.
Халықаралық наразылықтарға қарамастан, Ирак үкіметі адамдардың қаза болуына кінәлі деп тапқан жауынгерлерді жаппай өлім жазасына кесті. Нью-Йорктегі Human Right Watch құқық қорғау ұйымының келтірген мәліметтері бойынша, 2011 жылы 68 адам, 2012 жылы - 129, ал 2013 жылы 151 адам дарға асылып өлтірілген.