Иракта шиит отбасының 16 мүшесін атып кетті

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бағдаттың оңтүстігіндегі Латифия қаласында қарулы шабуыл салдарынан 16 адам қаза тапты, оның 5-еуі бала, 6-ауы әйел, деп хабарлады Утро.ру шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Журналистердің ақпаратына қарағанда, содырлар көрші тұратын ағайынды шииттердің отбасына оқ жаудырып, артынан олардың үйлерін жарып жіберген.

Жалпы мұндай шабуылдардың тасасында «Әл-Каидамен» тығыз байланыстағы сүнит топтарының тұратындығы белгілі. Ирактағы конфессияаралық осындай дүрдараздық соңғы айларда тіпті ушығып тұр. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылдың қаңтарынан бергі аралықта осындай шабуылдан 5 мыңнан астам қаза тауып, 12 мыңы түрлі дене жарақатын алған.