Иракта шiркеу алдындағы жарылыстың салдарынан 20 адам зардап шекті

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Ирактың солтүстiгiндегі Киркук қаласында сириялық католик шiркеуiнiң жанында мина қойылған автокөлiк жарылды.

20 адам жарақат алды, олардың арасында дiни қызметкерлер мен көршi орналасқан үйлердің тұрғындары да бар, деп хабарлайды Yтро.ru.

Бомба қуатының күштілігі сондай, ауданда жарылыстан 30 үй зақымданды. Кем дегенде екі зардап шегуші хал үстінде жатыр. Әзірге бірде-бір лаңкестік топ жарылыстың жауапкершілігін мойнына алған жоқ.