Шиизмнің рухани орталығы - Эн-Наджафте бүгін аза тұту рәсімдері басталып, Әбдел Әзиз әл-Хәкімді жерлеу рәсімі болады деп күтілуде.
Өкпедегі қатерлі ісіктен зардап шеккен 59 жастағы саясаткер сәрсенбі күні Тегран госпиталінде көз жұмған. Оның қазасы Ирактың саяси элитасы үшін үлкен соққы болып отыр, себебі Ислам революциясының жоғарғы кеңесінің жақтаушылары Саддамнан кейінгі биліктің басым бөлігін құрайды. Әз-Хәкімнің саяси мұрагері ретінде оның 38 жастағы ұлы Аммарды атауда.