Иракта зауытқа содырлар шабуыл жасап, 14 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Ирак астанасы Бағдадтың солтүстігінде орналасқан Ат-Таджи ауданындағы газ өңдеу зауытына «Ислам мемлекеті» содырларының шабуыл жасауы салдарынан 14 адам ажал құшты, солардың ішінде 8 полицей бар.

Sky News Arabia телеарнасының ақпаратынша, жанкешті белдігін таққан лаңкес бос газ баллондары орналасқан зауыт ғимаратына кірген. Нысанның шамамен 20 күзетшісі жарылыс салдарынан жарақаттанды.

Бағдад полициясының өкілі Саад Маан қауіпсіздік қызметі «лаңкестік топтың зауытты басып алуына жол бермегенін» мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

"Лаңкестер зауыт қақпасында миналанған автомобильді жарды. Кейін жанкештінің белдігін таққан алды лаңкес зауыт аумағына кірді. Сақшылар олардың көзін жойды. Жарылыс салдарынан үш қоймада өрт шықты", - деді Маан. "Қазір қауіпсіздік қызметі зауытты өз бақылауына алды, азаматтық қорғаныс командалары отты ауыздықтап жатыр", - деді ол.