Иракта жанкештілерді тартумен айналысқан ДАИШ командирінің көзі жойылды
21:46, 13 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта жанкештілерді тартумен айналысқан ДАИШ командирінің көзі жойылды, деп хабарлайды "Вести.Ru".
Мухаммед Халаф ас-Сатури Хит қаласының маңында Халықаралық коалиция ӘӘК-нің әуе шабуылы кезінде өлтірілді. Сондай-ақ, онымен бірге тағы 4 содырдың көзі жойылды.
Бұдан бөлек, ДАИШ содырлары өз еріктерімен Ирактың батысындағы Эр-Рутба қаласын тастап шыққандары белгілі болды. Бұл мәліметті қала басшысы Имад Ахмед нақтылады. Оның айтуынша, содырлар өздері бұған дейін басып алған Эль-Каим қаласына қарай бет алған.