Иракта жарылыстан жеті полицей қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласында жарылыс салдарынан жеті полицей қаза тауып, тағы 11 адам жарақаттанды, деп хабарлады шетелдік БАҚ жергілікті билікке сілтеме жасап.

Өткізу-бақылау бекетінде лаңкес-жанкештінің көлікке орнатылған жарылғыш құрылғыны іске қосқандығы белгілі болды. Бірақ оқиғаның қалған мән-жайы туралы толық ақпарат жоқ. Әзірше, бірде бір топ бұл қанды оқиғаның жауапкершілігін мойындарына алмай отыр.