Осы оқиға кезінде сонымен қатар тағы 42 адам дене жарақаттарын алған, деп хабарлады Амирия елді мекені әкімшілігінің басшысы.
Оның сөзінше, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бірнеше адамның жағдайы өте мүшкіл.
Осы оқиғаға байланысты мәліметтер бойынша той болып жатқан кезде жанкешті жарылғыш зат салынған көлікті жарып жіберген, деп хабарлады Би-би-си.
Биылғы жылдың шілде айында Бағдаттың негізінен мұсылман шейіттер тұратын сауда аймағы орналасқан ауданында жарылғыш зат қойылған автомобиль жарылды, деп хабарлайды Al Arabiya.
Көлікті жанкешті-террорист басқарған. Жарылыстың салдарынан жақын маңдағы бірнеше ғимараттан өрт шықты. Осы уақытта Ирак астанасының шейттер мекендейтін ауданында тағы бір жарылыс болып, оның салдарынан 20 адам зардап шекті.
Кейінірек Ирактың денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің саны 250-ге жеткенін хабарлады.
07:41, 18 Қараша 2016
Ирактағы тойда болған жарылыс кезінде 20-дан астам адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Ирактың Фаллуджа қаласының маңындағы тойда болған жарылыс кезінде 21 адам мерт болды, деп хабарлайды rbc.ru жергілікті Almada press басылымына сілтеме жасап.