Ирактағы жарылыстан 30 адам құрбан болды
03:54, 29 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың шығысындағы Хаанкине қаласына террористік шабуыл жасалды, деп жазады Вести.ру.
Шабуыл салдарынан 30 адам қаза тауып, 30 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, лаңкес Ирак президенті Джаляль Талабанидің жақтаушылары жиылған топта жарылыс жасаған.
Айта кетейік, Ирактағы парламенттік сайлау 30 сәуірде өтеді. Парламент сайлауы қарсаңында елде зорлық-зомбылық әрекеттері көбейіп кеткен.