Ирактан АҚШ әскерінің әкетілу кестесін ел премьері белгілейтін болады

БАҒДАД. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат - Ирактың басты қалаларынан АҚШ әскерлерінің әкетілуінің нақты кестесін елдің Премьер-Министрі Нури әл-Малики американдық әскерилермен жасалатын консультациялар нәтижесінде маусымның соңына дейін белгілейтін болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Бұл туралы Ирактағы АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Рэймонд Одиерно мәлім етті. Оның айтуынша, 2011 жылдың соңына дейін АҚШ әскерінің Ирактан толық әкетілуі туралы жасалған ирак-америка келісімінің мерзімі сақталғанның өзінде, аралық кезеңдерде нақтылауды қажет ететін мәселелер болуы мүмкін.