Ирактың Әл-Кут қаласында лаңкестіктің салдарынан 30 адам қаза болды, 80 адам жараланды

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Ирактың оңтүстігіндегі Әл-Кут қаласында лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза болғандардың саны 30 адамға жетті.

Ал жараланғандардың саны - 80. Полициядағы дерек көздер мен медициналық қызметтерге сілтеме жасаған «Әл-Арабия» телеарнасы осындай нақтыланған мәліметтер келтіріп отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Кеше, тамыздың 3-інде Әл-Куттың орталығында мина қойылған екі автокөлік жарып жіберілді. Екі жарылыс та халық көп жиналған жергілікті базардың маңында орын алды. Жарылыс толқыны жақын маңдағы дүкендердің терезелерін сындырды, оқиға орнына жақын маңда тұрған көлік құралдарына да үлкен зардап келтірді.