Ирактың арнайы қызметтері Ислам мемлекетінің 40 мүшесін қамауға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак елінің арнайы қызметтері көлемді іс-қимылдар жүргізу барысында «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының 40 мүшесін қамауға алды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігінен.

Лаңкестікке қарсы рейдтер Бағдад пен Дияла провинцияларында өткені нақтыланады.

«Жарылғыш құралдардың көп саны, жанкештілердің белдіктері, лаңкестер жүрген автомобильдер, сондай-ақ қылмыстық белсенділікті қаржыландыруға жұмсалған айтарлықтай ақша сомасы алынды», - деп жазады агенттік Ирак күш құрылымдарының мәлімдемесін.

Сейсенбі күні Ирактың қарулы күштері елдің Анбар провинциясындағы Эр-Рамади қаласын ИМ-нен босату бойынша іс-қимылдарды бастады. Ирак үкіметінің жасақтары қаланы бірнеше күннің ішінде босатуды көздеп отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

ИМ бүгінде әлемдік қауіпсіздіктің басты қауіптерінің бірі болып табылады. Үш жылдың ішінде лаңкестер Ирак пен Сирия аумағының айтарлықтай бөлігін басып алды. Бұдан басқа, олар өзінің ықпалын Солтүстік Африка, атап өткенде, Ливияда таратуға әрекеттеніп отыр. Түрлі бағалау бойынша, ИМ бақылауына алған аумақ 90 мың шаршы шақырымға дейін жетіп отыр. Экстремистік ұйымның саны туралы мәліметтер 50 мыңнан 200 мың содырға дейін есептеледі.