Ирактың Байджи қаласына жасалған әуе шабуылынан 200 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирактың Байджи өндірістік қаласына әуеден шабуыл жасалды. Садарынан 200 содырдың көзі жойылды. Атап өтейік, аталған қалада Ирактың ең ірі мұнай өндіруші кешені орналасқан.

Елдің күш құрылымдарына сілтеме жасаған IraqiNews порталының хабарлауынша, Ирактың ішкі әскері «Ирак және Леванттың ислам мемлекеті» атты содырлар тобының 200 адамын өлтірді. Басында лаңкестер мұнай құбырларын істен шығармақшы болды, алайда әскери бөлімшелер олардың жолын кесіп үлгерді. Өткен бейсенбіде көптеген БАҚ Байджи мұнай өңдеу зауыты «Әл-Каидамен» байланысы бар «Ирак және Леванттың ислам мемлекеті» тобының бақылауына өтті деп хабарлаған болатын. Алайда кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті аталған қала Ирак билігінің бақылауында деп мәлімдеп, аталған ақпаратты жоққа шығарды.