Ирактың Тикрит қаласында лаңкестіктің салдарынан 9 адам қаза тапты

None
АСТАНА.  Желтоқсанның  4-і.  ҚазАқпарат -    Ирактың Тикрит   қаласында лаңкестік  әрекеттің салдарынан  ең аз дегенде  9  адам  қаза тапты,

 тағы 10 адам жараланды.   Полиция  өкілдерінің  хабарлауынша,      жанкешті     бомбаны адамдар көп жиналатын   базарлардың бірінде   іске қосқан.     Тәртіп сақшылары     лаңкестікпен   күрес  жөніндегі жасақтың    қолбасшысы   подполковник   Ахмед  Субхи  әл-Фахаль  шабуылдың   негізгі нысаны    болған    деген күдіктерін     жасырмауда.    Подполковник  оқиға салдарынан  қаза  тапты.    Сондай-ақ   оның  үш оққағары  да       опат болды.   Мерт болған  басқа адамдар - бейбіт тұрғындар,     деп хабарлайды   Иранның  Press TV мемлекеттік  телеарнасы.