"Елдің бұрынғы вице-премьеріне Саддамның тұсында шиит-мұсылмандарға жасалған қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылды", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Өткен жылы Жоғарғы сот Тарик Әзизді осы қылмыстар үшін өлім жазасына кескен болатын.
Сәуір айында экс вице-премьер 75 жасқа толады. Ол 2003 жылы Бағдадқа басып кірген американ әскерилеріне өз еркімен берілген болатын, содан бері түрмеде отыр. Қамауда отырған жылдары Тарик Әзиз бірнеше рет түрме госпиталіне түсті. 2010 жылдың қаңтарында ол инсульт болып, тілден айрылды.