Иран 2020 жылға дейін бірінші термоядролық реакторын салмақ

None
АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Иран 2020 жылға дейін өзінің бірінші тәжірибелік термоядролық реакторын салмақ ниетте. Бұл туралы Термоядролық энергияны зерттеу жөніндегі жаңа орталықтың бастығы Асхар Седикзаде мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

А.Седикзаде атап көрсеткендей, ол жетекшілік ететін орталық ұлттық жоба аясында зерттеулер жүргізу үшін 100 шақты маманды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Тегран аталмыш секторда жұмыстар бастағанын хабарлаған болатын.