Иранда жанар-жағармайға қатысты жеңілдік 2007 жылы жазда енгізілген. Әр автомобиль және мотоцик иесінде арнайы карточка болды. Онда оның жеке ақпараты енгізілген. Карточка бойынша жанар-жағармайды субсидияланған баға бойынша сатып алуға болды. Жүргізушінің айлық нормасы 60 литр болған.
Бұрын Иран азаматтары субсидия есебінен жеңілдетілген жанар-жағармайдың литрін 7 мың риалдан (15,67 рубль) сатып алған.
21 наурыздан жанар-жағар майдың бір литрі үшін 7 350 риалдан (16,45 рубль) төленетін болды.