Грекия, Испания, Италия, Нидерланды, Франция және Португалия үшін ирандық мұнай ағыны сарқылды, деп хабарлады РБК жергілікті Press TV телеарнасына сілтеме жасап.
Сөйтіп, Тегран ирандық мұнайдан 1 шілдеден бастап бас тартуға ниеттенген еуропалықтардың алдын орап кетті. Қаңтар айының соңында ЕО санкциялар топтамасын қабылдай отырып, оның күшіне енуін жаздың басына қалдырып, оған дейін мұнай жеткізілімінің жаңа келісім-шарттарын жасауға үлгермек болды. Алайда Иран бірден-ақ эмбаргоның басталуын күтпей-ақ Еуропаға мұнай жеткізуді өзі тоқтататынын мәлімдеді және сөзінде тұрды.
ЕО Қытайдан кейінгі ирандық мұнайды тұтынатын көлемі жағынан екінші аймақ болатын. Жеткізілімнің тоқтатылуы еуропалықтардың өздеріне ауыр соқпақ, атап айтқанда елеулі қаржы проблемаларына ұшыраған Грекия үшін өте-мөте ауыр. Афины елге жеткізілетін мұнайдың төрттен бірін Ираннан жеңілдікті шарттармен алып тұрған болатын.
Енді Грекия және басқа да тұтынушылар жеткізілімнің басқа балама көздерін іздеуге мәжбүр. Енді Махмұд Амединежадтың қолайсыз режимі мұнайының орнын демократиялық Сауд Арабиясы баспақ, ол мұнай өндіруді күніне 2 млн. баррельге ұлғайтатынын хабарлады.
Иран Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мүшелерінің арасында Сад Арабиясынан кейін екінші орын алады.