Агенттіктің жазуынша, Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ армиясына тиесілі HIMARS артиллериялық жүйелеріне соққы жасалғанын хабарлаған. Бұл жүйелер Кувейт аумағындағы Бубиян аралында орналасқан.
Сонымен қатар, Бахрейн солтүстігінде орналастырылған Patriot әуе қорғаныс жүйелері және Біріккен Араб Әмірліктері аумағындағы америкалық әскери қызметкерлер шоғырланған орындарға да соққы берілгені айтылды.
КСИР мәліметінше, бұл әрекеттер «Берік уәде 4» операциясының 95-толқыны аясында жүзеге асқан. Сонымен қатар Израиль аумағындағы бірқатар нысандарға да соққы жасалған.
Атап айтқанда, Тель-Авив, Бней-Брак, Петах-Тиква, Рамат-Ган және Кирьят-Шимона қалаларындағы нысандар «көп қуатты зымырандармен қарқынды түрде атқыланды» деп мәлімделген.
Сондай-ақ, Oracle компаниясының БАӘ-дегі орталығы, Израильмен байланысты кеме және Бахрейндегі Халифа бин Салман порты да нысанаға алынғаны хабарланды.
Бұған дейін Иран аумағында америкалық әскери ұшақтың атып түсірілгені туралы ақпарат тараған болатын.