Иран АҚШ-тың ядролық объектілеріне жасаған соққыларына жауап қатты
АСТАНА. KAZINFORM – «Соғыс дәл қазір басталды», — деп мәлімдеді жексенбіге қараған түні Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР), АҚШ әскерилері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы жасағаннан кейін, деп euronews сайты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social парақшасында Фордо, Натанз және Исфахан ядролық объектілеріне «толық оқ-дәрі қорымен шабуыл жасалғанын» жазды.
КСИР мәлімдемесінде бұл әрекеттер Иран мен Израиль арасындағы зымыран және дрон шабуылдарының шиеленісуіне себеп болғанын, енді жағдай жай ғана қақтығыс емес, Таяу Шығыстағы толыққанды соғысқа айналғанын атап өтті.
Фордо қаласындағы уран байытуға арналған жерасты зауыты тек АҚШ-тың арнайы бункерлік бомбалары арқылы ғана жойыла алатын нысан ретінде есептеледі — оны тек ядролық шабуыл немесе жерүсті рейді арқылы бұзу мүмкін.
АҚШ пен Израильдің ресми өкілдері америкалық «көрінбейтін» стратегиялық бомбалаушы ұшақтар мен 15 000 килограммдық бункерлік бомбалар терең жер астында орналасқан Иран ядролық инфрақұрылымын жоюда ең тиімді құрал екенін атап өтті.
Бұған дейін Иран АҚШ Израиль шабуылына қосылатын болса, жауап қайтарамыз деп ескерткен болатын. Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеи сәрсенбі күні АҚШ-қа ескерту жасап:
— Біздің елге жасалған шабуыл сіздер үшін орны толмас залалға әкеледі», — деген болатын.
Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы үш ядролық нысанға жасалған шабуылдан кейін елге телеүндеу жолдады.