деп хабарлайды Лента.ру ирандық PressTV телеарнасына сілтеме жасап.
PressTV дерегі бойынша, әкесі күш-қуат құрылымдардың өзіне адалдығын қамтамасыз етуді және олардың оппозиция жағына шығып кетпеуін тапсырған Саиф әл-Араб Каддафи 24 ақпанда Бенгазыдағы наразылық акциясына қатысушыларға қосылып кеткен.
Иран телеарнасы сондай-ақ Саиф әл-Араб биліктен кету қаупі анық төнген жағдайда, әкесі өзін-өзі өлтіру немесе Оңтүстік Америкаға қашу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы түсінік бергенін хабарлайды.
Каддафидің ұлы оппозиция жағына шығып кеткені туралы өзге ақпарат көздерінен мәлімет түскен жоқ.