Иран астанасы Тегераннан басқа қалаға көшуі мүмкін

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Иранда парламенттің 50 депутаты басымдықты мәселелердің бірі ретінде саяси астананы Тегераннан көшіруді талқылауды талап етті, деп хабарлады РБК.

Парламенттің заң комиссиясының мүшесі Абульфазл Абутурабидің айтуынша, талқыланып отырған жобаны Иран президенті басқарған 14 адамнан құрылған жұмыс тобы астананы көшіру мәселесін жан-жақты қарап, бір жылдан кейін парламентке зерттеу нәтижелерін ұсынса бекітілуі мүмкін.

Астананы көшіру туралы ұсыныстар бұрын да айтылған болатын. Оны өзгертуге себеп - Тегеран халқы санының өсуі және оның сейсмикалық белсенді аймақта орналасуы болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде Тегеранда 12-13 млн. адам тұрады.

Махмуд Ахмединежаттің президенттігі тұсында Тегераннан 200 мың мемлекеттік қызметкерді көшіру жобасы басталғанмен, ол аяқталған жоқ.

Бұдан бұрын ирандық БАҚ-та астананы Тебризге көшіру туралы ақпарат пайда болған еді. Бірақ та қазіргі уақытта асананың қайда орналасуы мүмкін екендігі жөнінде нақты ақпарат жоқ.