Iran Air әуе компаниясы Еуропа Одағының Иран режиміне қарсы жаңа санкцияларынан кейін рейсті тоқтатқанын хабарлады.
Дүйсенбі күні Еуропалық Одақ Иранның жеке және заңды тұлғаларына қарсы жаңа шектеулер енгізіп, Иран Air, Mahan және Saha әуе компанияларын санкциялар тізіміне қосқаны айтылды.
IranAir, Mahan және Saha әуе компаниялары бұған байланысты ресми хабарлама таратқан жоқ.
Бұған дейін Еуропалық кеңес ДАИШ пен Әл-Каидаға қарсы санкцияларын ұзартқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әуе компаниялары Будапешт, Рига, Вена және Мюнхенге рейстер ашуды жоспарлап отыр.