Иран әуежайлары көпшілігінің жұмысы жанданды
03:18, 04 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Иран билігі елдің әуежайларының көпшілігі жұмысын жандандырып, әуе кеңістігі ашылғанын мәлім етті.
Бұл туралы Иран азаматтық авиациясының ресми мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Trend.
- Мехрабад пен Имам Хомейни әуежайлары, сондай-ақ елдің солтүстік, шығыс, батыс және оңтүстік өңірлеріндегі әуежайлар толықтай жұмысын қайта бастады және олар барлық қажетті қызметтерді көрсетуге дайын,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда ішкі және халықаралық рейстер елдің барлық әуежайларында рұқсат етілгені айтылған. Тек Исфахан мен Тебризде ғана жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-ден 18:00-ге дейін рұқсат жоқ.
Осыған дейін Иран әуе кеңістігін жабу мерзімін ұзартқаны туралы жаздық.