Иран әйелдеріне Еуро-2012 матчтарын ерлермен бірге көруге тыйым салынды

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Иран Үкіметі әйелдерге барларда, дәмханалар мен мейрамханаларда Еуро-2012 чемпионатының матчтарын ерлермен бірге көруге вето қойды.

Биліктің пікірінше, бұл іс-шаралар әйелдердің моральдық келбетіне нұқсан келтіруі мүмкін.

«Ерлер мен әйелдердің футболды бірге көруі қисынсыз жағдай. Ерлер матчтарды көру барысында уайымдайды, өздерін дөрекі ұстайды және тұрпайы қалжыңдарға орын береді», - деп жазады шетелдік БАҚ-тар Иран полициясы бастығының орынбасары Бахман Каргардың сөздерін келтіре отырып.

«Әйелдер мұндай компанияда футболды көрмеуі тиіс. Әйелдер мұндай шешім үшін полицияға алғыс айтулары тиіс деп ойлаймын», - деді Каргар.