Associated Press ақпаратына қарағанда, бұлар «жаңа ұрпақ зымырандары» ретінде сипатталған, алайда бұл жаңа жасалымдар ма, әлде қолда бар модельдердің жетілдірілген түрі ме, ол жағы нақтыланбаған.
Иранның ресми IRNA жаңалықтар агенттігі зымырандарды сынау радардан көрінбейтіндігін хабарлады. Ұшырылған екінші зымыран «Бина» деп аталады, оның лазерлік бағыттау жүйесі бар. Бұл зымыран жерден де, әуе кемесінен де ұшырыла алатыны хабарланған.
Иран 1992 жылдан бері әскери дербестік саясатын жүргізуде. Кейде ел әскери жетістіктер туралы хабарлап жатады, бірақ та олардың көпшілігін тексеру мүмкін емес.
Ислам республикасында қазірде «жер-жер» класындағы зымырандар бар, оның әрекет ету радиусы 2 мың шақырымға, Израильге және өңірдегі американдық әскери базаларға жете алады.