Иран Бас прокуратурасы WhatsApp және Viber-ді жабуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Бас прокуратурасы елдің Ақпараттық-коммуникациялық технология министрлігінен Viber, Tango және WhatsApp қосымшаларына шектеу қоюды талап етті, деп жазады gazeta.ru Press TV-ға сілтеме жасап.

Иран Бас прокурорының сөзіне қарағанда, осы қосымшаларда исламдық және адамгершілік құндылықтарға қатысты тіл тигізетін «әдепсіз материалдар» таратылды.

Сонымен қатар, ол бірқатар «ерсі материалдардың» таралуына Иранға қастық ойлап отырған шетелдік үкіметтер қатысты екенін атап өтті.