Иран бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану құқығына толық ие – Махмұд Ахмадинежад

p; Қарашаның  10-ы.  ҚазАқпарат -  Иран    бейбіт мақсаттағы  атом энергиясын  пайдалану құқығына  толық ие.    Анадолы  агенттігінің  хабарлауынша,     бұл туралы     Иран  президенті Махмұд  Ахмадинежад   Ыстамбұлда    өткен Ислам конференциясы  ұйымының    экономикалық  саммитінен  Тегранға  оралардың   алдында   мәлім етті.

«Иран  ол   құқыққа  ие  және  ядролық    бағдарлама  мәселесі  техникалық     мәселе  болып табылмайды.   Бізде  уранды  байытумен  айналысатын  ғалымдар  бар», -   дейді Ахмадинежад.  Иран  президенті,    Ислам Республикасының  ядролық бағдарламасымен  байланысты  мәселелердің  «саяси»  екенін  және     ол  мәселені    әлемді басқарғысы келетін     бірқатар   елдердің «арандатып» отырғанын  атап көрсетті.  «Олар Иранның   дамығанын қаламайды,   бірақ  ел  оларға  қарсы  тұра алады  және  бәрібір жеңімпаз   атанады»,  деп мәлім етті Иран  президенті.

Ахмадинежадтың айтуынша, «жағдайды  реттеудің  дұрыс  жолы  диалог  пен  ынтымақтастық».  «Біз     оларға (басқа елдерге)  диалог  жолын таңдауды ұсындық. Біздің тарапымыздан    отынның (байытылған  уранның) 20   пайызын    сату  туралы    ұсыныс  түсті.     Біз  диалог  пен келіссөзді қалаймыз»,  деп    атап  көрсетті Иран  Президенті.