Иран билігі Pokemon Go ойынына тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда смартфон телефондарына арналған «Pokemon Go» ойынына тыйым салынды, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Мұндай шешімді қабылдаған елдегі виртуалды кеңістік қауіпсіздігіне жауап беретін Жоғарғы кеңес мұндай қадамның нақты себебін түсіндірген жоқ.

Айта кету керек, бұл саясаткерлердің аталған ойыннан қауіптеніп отырған алғашқы жағдайы емес. Алайда, Иран бұған тыйым салған бірінші мемлекет болып отыр.   

Еске сала кетейік, Индонезияда полицейлерге қызмет барысында бұл ойынды ойнауға тыйым салынса, Израиль билігі әскери базаларда ойнауға шектеу қойды.