Мунесанның айтуынша, мұндай шаралар АҚШ-тың санкцияларына байланысты қарастырылып отыр. Осы арқылы Иран билігі туризм саласын дамытуға күш салмақ.
Мунесанның айтуынша, Иранға келетін туристердің саны 2018 жылдың бірінші тоқсанында (2018 жылдың 20 наурызынан бастап) 38% артқан. Бірақ Еуропадан келетін қонақтардың үлесі азайып, бұл, өз кезегінде, төрт және бес жұлдызды қонақүйлердің жұмысына кері әсерін тигізген.