ИРНА ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, елдің бас прокуроры Голамхоссейн Мохсени-Эджеи, «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп отырғандардың аяусыз қудаланатынын» мәлім етті.
Тегранда осымен екінші күн қатарынан полиция мен демонстранттардың арасында қақтығыстар жалғасуда. 200-ден астам адам қамауға алынды. Өкіметтің мәліметі бойынша, олардың 86-сы кейіннен босатылды.
Оппозиция маусым айында өткен президенттік сайлаудың ресми қорытындысына назарылықтарын әлі жалғастыруда.