Иран бір жылдың ішінде өзінің алғашқы ядролық оқтұмсығын жинауға қабілетті - «Таймс» газеті

АСТАНА.  Тамыздың  4-і. ҚазАқпарат - Иран   елдің  жоғарғы  басшылығынан    сәйкес   нұсқау алғаннан кейін  бір жылдың    ішінде    атом бомбасын жасап шығара алады.  Бұл туралы   батыстың барлау  көздеріне сілтеме  жасап  лондондық  «Таймс»  газеті   хабарлады.

«Иран ядролық  оқтұмсықтарды    жасау  және оны  жару    технологиясын    жетілдіріп отыр  және өзінің алғашқы    атом бомбасын   жасау  үшін тек      аятолла Әли  Хаменеидің     бұйрығын   күтуде», - деп жазады     британдық басылым      батыстың арнайы  қызметтерінің пікірін   келтіріп.

Барлау көздерінің айтуынша,  Тегран  «ядролық қаруға қажетті  уранды   алу  жөніндегі ядролық  бағдарламаның   ғылыми  негізін     2003 жылдың жазында  аяқтап қойған,   қазір    тиісті  нұсқау  түскен жағдайда,  Иран бомбаны  бір жылдың ішінде     жасауға  қабілетті» көрінеді.