Иран британ және француз компанияларына мұнай сатуды тоқтатты

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Еуроодақтың ирандық мұнай-газ секторына қатысты санкцияларына жауап ретінде Иран британ және француз компанияларына мұнай сатуды тоқтатты, деп хабарлайды РБК.

Ислам Республикасының мұнай өнеркәсібі министрлігінің сайтына орналастырылған сәйкестендірілген мәлімдемені ведомствоның өкілі Ализер Никзад жасады. «Біз мұнайды жаңа клиенттерге сататын боламыз», - деп ескертіп өтті А.Никзад.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының аяғында Еуроодақ Кеңесі ирандық мұнай және мұнай өнімдерін импорттауға, сатып алуға, тасымалдауға, сондай-ақ оларға қатысты қаржылық және сақтандыру операцияларына тыйым салған болатын. Иранға қатысты мұнайлық эмбарго толық 2012 жылдың 1 шілдесінде өз күшіне енгізілуі тиіс.

Иран ЕО-тың экономикалық санкцияларына симметриялық жауаппен қорқытты. Ислам Республикасының Парламенті эмбаргоның өз күшіне енуін күтпей-ақ Еуропаға мұнай экспорттау туралы заң қабылдауға сөз берді.