Иран БҰҰ өкілдерінен Йеменге гуманитарлық көмек жөнелтуге қолдау сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының өкілдері сонымен қатар жарақат алған адамдарды өз елінің ауруханаларына жеткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Иран гуманитарлық жүк тиелген ұшақтың Йеменге жеткізілуіне қолдау көрсетуді сұрап отыр. Tasnim News Agency басылымының хабарлауынша, бұл мәселе ИИР Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің БҰҰ Бас хатшысы Пан ГИ Мунға жолдаған хатында айтылаған.

«Санадағы қаралы жиын кезінде әуеден жасалған соңғы соққылардан соң Йемендегі жағдайдың қиындығын, қираған дүниелердің көптігін ескере отырып, Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы иемендік тұрғындарға дәрі-дәрмектерді қоса алғанда гуманитарлық көмек жолдауға дайын екендігін білдіреді. Сонымен қатар Иран тарапы Санадағы оқиғадан зардап шеккендерді өз еліндегі аурханаларға жеткізіп емдеуге де дайын. Сізден халықаралық ұйымның беделін пайдалана отырып, Ираннан гуманитарлық жүктердің Йеменге жеткізілуіне ықпал етуіңізді сұрамын»,-делінген Пан ГИ Мунға ИИР-ның халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілі жеткізген хатта.