Тараптар делдал ретінде Қатар мен Пәкістан арқылы хабар алмасуды жалғастырғанымен, әзірге нақты нәтижеге қол жеткізе алмады. Келіссөздер барысында Иран делегациясы елдің бұғатталған активтерін босатуды және мұнай экспорттауға рұқсат беруді жеделдетуге шақырды.
Сондай-ақ Иран тарапы АҚШ-тың меморандум аясындағы міндеттемелерін бұзуына наразылық білдіріп, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің одан әрі жалғасуы қол қойылған келісімнің сақталуына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Бұған дейін 22 маусым күніне жоспарланған АҚШ пен Иран арасындағы меморандум бойынша техникалық консультациялардың жалғаспайтыны хабарлады.
Айта кетейік, Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамп айтқан қоқан-лоқы сөздері үшін кешірім сұрамайынша, Вашингтонмен келіссөзді қайта бастамайтынын мәлімдеді.