«Палестинаға көршілес Мысыр, Иордания сияқты елдер Израиль палестиндіктерді өз аумағынан қуатын болса, осы аумаққа соғыс жариялады деп есептейтінін мәлімдеді. Израиль палестиндіктерді қуып тастағысы келеді, көршілес араб елдеріне босып кетсін деп отыр. БАҚ-тан көріп отырған шығарсыз, жергілікті халық қатыгез бомбалау әрекеттеріне, өзге де проблемаларға қарамастан, жер үшін күресетінін айтып жатыр. Сондықтан Иран да босқындарды азық-түлікпен қолдап, гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті», - деді Иран Елшісі.
Әли Акбар Джоукар Газа секторындағы халықтың ұстанымына түсіністікпен қарайтынын жеткізді.
«Әзірге палестин жерінен босқын ретінде ауған ешкім жоқ. Тіпті іргедегі Мысыр мен Иорданияға пана сұрап барған жоқ. Газа секторындағы тұрғындардың ұстанымы түсінікті. Өз шешімдеріне мығым болып, қарсылық көрсете беретіндерін айтып отыр», - деді дипломат.