Иран Еуропа үшін сенімді энергоресурс көзі бола алады - Роухани

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Еуропа үшін сенімді энергоресурс көзі бола алады. Бұл туралы австралиялық әріптесі Хайнц Фишермен кездесу барысында ИИР президенті Хасан Роухани мәлім етті.

«Иран энергетикалық сала тұрғысынан бірегей мәртебеге ие. Сондықтан Еуропа үшін сенімді энергия көзі бола алады», - деген Роуханидің сөзін келтіреді БАҚ.

«Біз Австрия арқылы Еуропаға газ (табиғи) тарату желісін іске асыруға әзірміз», - деді Иран президенті.