Футболшылар АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін виза рәсімдеуге келген.
Журналистер елшілік ғимаратынан шыққан ойыншылардан визалық өтініш нәтижесі туралы сұрағанда, футболшылар жымиып жауап берген.
Иран құрамасының оқу-жаттығу жиыны 19 мамырда Антальяда басталды.
Иран футбол федерациясының бірінші вице-президенті Мехди Мохаммад Наби бұған дейін команданың барлық мүшесі АҚШ пен Канада визаларын рәсімдеу үшін Анкараға баратынын айтқан болатын.
Оның сөзінше, визалық және басқа да рәсімдерден өту үшін құраманың шетелде ойнайтын кейбір футболшылары да командаға қосылады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 12 мамыр күні Иран құрамасының әлем чемпионатына қатыса алатынын, алайда қауіпсіздік тұрғысынан мұны дұрыс шешім деп санамайтынын мәлімдеген еді.
Мамырдың ортасында Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне ұлттық құраманың қатыспауы мүмкін екенін мәлімдегені хабарланды.