Зерттеу нәтижесі ашық отта және мангалда дайындалған ет құрамында адамның ағзасына автокөліктің газы сияқты кері әсер ететін зиянды заттар бар екендігін көрсеткен.
Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, шетел ғалымдары, сонымен бірге Иранда ағаш отынмен жанған отта қуырылған етте болатын процестерге зертхана тәжірибесі мен компьютерлік модельдеу жүргізілген. Зерттеушілердің айтуынша, қуырылған мұндай ет құрамында, түтінде бар қауіпті қосылыс (қоспа) адам ДНК-сының мутациялануын ұлғайтуы мүмкін. Бұл қатерлі ісік ауруларының пайда болуына алып келуі де ғажап емес. Тіпті мангалда пісірілген етің түтінінің өзі темекі тартқанмен бірдей зиянды әсер ететінін біреу білсе, біреу білмейді.