«Иран Газа секторындағы қарулы қақтығыстарға қандай жағдайда араласады деген сұраққа келсек, мен оны нақты білмеймін. Өйткені біздің жетекшілеріміз, біздің басшыларымыз осы оқиғаға байланысты өз ұстанымдарын жариялады. Бұл қатыгездік, бұл агрессия жалғаса беретін болса, бұған бүкіл әлемнің мұсылмандары реакция білдіруі мүмкін. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл мәселеде ислам елдері өздерінің бірлігін көрсетіп, бірыңғай, ұқсас ұстаным танытты», - деді елші.
Сондай-ақ дипломат Иран бұл мәселеде ХАМАС ұйымын терроршылар ұйымы емес, палестин жерін басқыншылардан қорғаушы деп есептейтінін мәлім етті.
«Иран өзі айтты, «Басқыншылыққа қарсылық білдіріп жатқан топтарды қолдаймыз», - деді. Әсіресе, соның ішінде ХАМАС тобының әрекеттерін қолдайтынын білдірді. Иранның діни көсемі осынау басқыншылыққа қарсы күресетін әр жауынгердің қолын сүюге әзір екенін айтты», - деді Әли Акбар Джоукар.
Елшінің сөзінше, Иран ХАМАС-қа әскери көмек бергеннен гөрі қантөгісті тоқтату бағытында жұмыс істегенді жөн көріп отыр.
«Палестинаның қарсылық көрсетуші топтары әлі күресіп жатыр. Иран ондағы зомбылықты тоқтатуға күш салады. 12 күннің ішінде болған шабуылдар жер шарындағы әр адамның жүрегін шайлықтырып отыр. Әлемнің әр түкпірінен осы зомбылықтарға қарсы адамдар үн қатып жатыр. Ислам елдерін айтпағанның өзінде Еуропада, Берлинде, Парижде, Лондонда қарсылық шаралары өтті. Кеше бір топ еврей АҚШ Сенатына кіруге талпыныс жасады. Бейбітсүйгіш адамдар ар-ұятына құлақ асып, зомбылықты тоқтатуға шақырып жатыр. Қорғаныш іздеп, аурухананы паналаған адамдардың өлтірілуін қалай түсінуге болады?! Елдердің бәрі әскери қылмыс жасалып жатқанын көріп отыр. Ол жерде қазір су берілмейді, электр қуаты да жоқ. Оның бәрін әлемнен жасыру мүмкін емес. Сондықтан Иран зомбылықты тоқтауға күш салады», - деді Әли Әкбар Джоукар.