Иран Ислам Республикасының үкіметі Иранның ресми және дипломатиялық қонағы Исмаил Ханияға қарсы лаңкестік әрекетті айыптай отырып, мұны сионистік режимнің лаңкестік сипаты мен әлемнің кез келген жерінде қауіпсіздіктің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі деп бағалады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 31 шілдесінде Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Ханияның Иранда өлтірілгенін хабарлады, онда ол жаңа сайланған Президент Масуд Пезешкианның инаугурациясына қатысқан.
Марқұммен қоштасу рәсімі 1 тамызда Тегеранда өтеді. Осыдан кейін мәйіт жерлеу үшін Дохаға жіберіледі.