23:20, 06 Сәуір 2009
Иран Ислам Республикасының Президенті АҚШ саясатында жасалатын өзгерістерді қолдайды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад Барак Обаманың АҚШ саясатында жасайтын өзгерістерін қолдайтынын мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Американың жаңа президенті өзінің саясатында көп мәселелерді өзгертетініне сенім білдірген ол, «Барак Обама жақында өзінің саясаты жөнінде мәлімдейтінін айтты. Атап айтқанда, біздің аймаққа байланысты біз оның саясатында тың әрі негізгі өзгертулердің болуына сенім артамыз. Буш саясатының идеясы тұйыққа тірелгені баршаға аян. Біздіңше, негіз қалаушы өзгерістер қажет. Мәселен, олардың ішіне халықтарға деген сыйластық, олардың құқықтарын сыйлау, әділдік секілді негізгі мәселелер кіреді», - деді Иран Президенті.