Иран-Израиль қақтығысы Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Таяу Шығыстағы шиеленістер Қазақстан экономикасына қалай әсер ететіні туралы пайымын айтты. 

— Қазіргі таңда мұнай бағасы осы шиеленіс салдарынан өсіп жатқанын көріп отырсыздар. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 76-77 доллардың шамасында тұр. Біз мұнай экспорттайтын ел болғандықтан, бюджетімізге, жалпы экспортымызға жақсы жағдай туғызып отыр. Бірақ бұл құбылмалы. Осы баға тұрақты бола ма, тұрақсыз бола ма, ешкім білмейді. Сондықтан дәл осы сәтте экономикамызға жақсы, — деді ол.

Ұлттық банк басшысы Иран-Израиль қақтығысының макроэкономикадағы әсерін нақты айтуға әлі ерте екенін атап өтті.

— Бұл жерде мен экономикалық әсерін айтып тұрмын. Мұнай бағасы өскеннен кейін Ұлттық қор мен бюджетке түсетін түсімдердің мөлшері де артады, — деді Тимур Сүйлейменов.

Еске салсақ, кеше Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран аумағынан 109 қазақстандық елге оралды