Иран Израильдің адам құқықтарын өрескел бұзғаны туралы айғақтарды Халықаралық сотқа жібереді

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Иран билігі ирандық-израильдік қақтығысы кезінде Израильдің адам құқықтарын өрескел бұзғаны туралы дәлелдерді Халықаралық Қылмыстық Сотқа (ХҚК) жібереді. Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамы басшысының орынбасары Разие Алишаванди мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. 

– Біздің ұйым адам құқықтарының өрескел бұзылғанын дәлелдейтін айғақтарды ХКС-ке жібереді және біз [осы мәселе бойынша] басқа халықаралық органдармен ынтымақтасатын боламыз, - деп келтіреді оның сөзін IRNA. 

Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметі бойынша, Иран мен Израиль арасындағы 12 күнге созылған қарулы қақтығыста 10 жедел жәрдем көлігі мен 8 медициналық мекемеге шабуыл жасалып, 102 әйел мен 38 бала қаза тапқан. 

Бұған дейін Ислам республикасы билігі Израильдің Иран территориясына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 1 060-қа жеткенін хабарлаған.